Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бангкоктағы жойқын жер сілкінісі. 40-тан астам жұмысшы үйінді астында қалды

16:09, 28 наурыз 2025 343

Мьянма мен Таиландта үлкен жер сілкінісі болды. 40-тан астам жұмысшының Бангкоктағы үйінділердің астында қалғаны хабарланды, деп жазды Alash.kz порталы.

Бұл жайлы CNN хабарлады. Жұмысшылар Бангкокта салынып жатқан көп қабатты үй үйінділерінің астында қалды. Мьянмада жер сілкінісі салдарынан жолдар деформацияланды.

Сондай-ақ, Ирравади өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі опырылды. 

Жер сілкінісі Мандалай қаласының оңтүстік-батыс тұсында, 33 км жерде болған. Онда шамамен 1,2 миллион адам тұрады. Қытай сейсмологиялық басқармасының мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 7,9. Ал 6,4 баллдық жер сілкінісі 12 минуттан кейін Мьянмада дүмпіді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар