Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таңғы 5-ке дейін жұмыс істеп едік: Қаржаубай Нұрымов аяқ астынан білікті адвокаттардан бас тартты

19:30, 18 наурыз 2025 2044

Қаржаубай Нұрымов адвокаттардан бас тартты, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Шерзат ісіндегі адвокаттар неге шет қалғанын түсінбей отыр.

Адвокат Саида Тәуекел Шерзат Полаттың ісінде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов не себепті өздерінен бас тартқанын түсінбей отырғанын айтты.

- Мен жалпы әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Олар күні-түні, демалыс күндері де, таңғы беске дейін жұмыс істеді. Қонаев қаласына қайта-қайта барды. Мұның бәрі шығын, денсаулық, энергияға да. Біз басқа істеріміздің бәрін ысырып тастап едік. Біздің басқа да адвокаттық жұмыстарымыз болған. Соған қарамастан, бірге алып жүрдік. Өз жұмысымызды біздің жәбірленуші тараптың мүддесі үшін барынша істедік. Ары қарай қандай шешім қабылданады – өз құқықтары. Алайда міндетті түрде хабарын береміз, – деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар