Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батысқазақстандық түлектерге әкімдік гранттары беріледі

06:32, 12 шілде 2023 181
Батыс Қазақстан облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірдің жоғары сұранысқа ие мамандықтарын ескере отырып  тағайындалуда. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстың бас ұстазы Айгүл Мыңбаева айтып берді.

Облыста денсаулық сақтау, педагогика, дін, мәдениет, құрылыс салалары бойынша мамандықтар жоғары сұранысқа ие. 2017 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен талап етілетін мамандықтарға білім гранттары бөлінуде (2017 ж – 190, 2018 ж – 96, 2020 ж – 48, 2021 ж – 90, 2022 ж – 114 грант).

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысына сәйкес, жергілікті атқарушы органның комиссиясымен өткізіледі.

Жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5  күннен кешіктірмей жоғары оқу орындары арасында конкурс жарияланады.

Жергілікті атқарушы органдарының комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.

Конкурс өткізу туралы шешім тиісті облыс әкімі және оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.

Жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 2023 жылдың   5-10 тамыз, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға 2023 жылдың     24-25 тамыз аралығында құжаттарды тапсырады. Комиссия шешімінің негізінде өкім шығарылады және оқуға түсушілерге  білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.

Білім беру гранты иегерімен «жергілікті атқарушы орган – студент - жоғару оқу орны»   үш жақты шарт жасалынады, артынан облыста 5 жыл жұмыс істеуі керек.

Білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.

Білім басқармасы 2023 жылға қажетті мамандықтарға тапсырыс жинақтады. Қазіргі таңда облыс бойынша қажеттілік: 86 - «бакалавр» (60 – медицина, 10 – математика пәнінің мұғалімі, 3- логопед-педагог, 3 – тифлопедагог, 3 – сурдопедагог, 3 - олигофренопедагог, 4 – құрылыс), 55 – «резидентура». Барлығы 141 маман. Оқудан шығып кеткен кезде барлық бюджеттен төленген қаржы және шәкіртақы облыстық бюджетке қайтарылады.

-Барлық түлектерге сәттілік тілеймін. Республикалық гранттың иегері болмаған жағдайда, тек өтінішті жергілікті бюджет қаражаты есебінен деп қайта жазу керек. Сол құжаттар жоғары оқу орындары арқылы білім басқармасына жіберіледі. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері қарастырылады, атап айтқанда кәмелетке толмаған төрт және оданда көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін,  бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін. Оқу орындарын тәмамдаған мамандар облыс аумағында жұмысқа орналастырылады, - деді А.Мыңбаева.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар