Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір сөз үшін. Оңбағандар, мені алдап кетті: Уәлибек Әбдірайымұлы Қайрат Әділгерейге өкпесін білдірді

07:47, 05 қараша 2024 4801

Танымал актер, әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Әділгерейдің фильміне түскеніне кішкене өкініші барын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Актер бұл туралы "Қызық times" бағдарламасында айтып берді. 

"Уәлибек Әбдірайымов - Қазақстандағы әзілдің атасы ғой. Кастинг директор бізге қалай да Уәлибек Әбдірайымовты осы киноға шақыру керек деді. Бірақ бұл оңай болмады. Бұл кісі осыған дейін қаншама кинодан бас тартқан ғой. Қалай келіскеніміз туралы сырды ашпай-ақ қояйын. Оны көндіру үшін барымызды салдық. Ағамыз сөзімізді жерге тастамады. Әлі күнге дейін рақмет айтамын", - деді Қайрат Әділгерей.

Уәлибек Әбдірайымов өзінің Қайрат Әділгерейге оңбай алданғанын айтты.

"Алғашында киноның сценарийі ұнады. "Құлдардың атаманы болып ойнайсыз" деді. "Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. Ондай сөздер болмайтынын айтты. Жарайды деп келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер (күліп). Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. "Шаншарда" хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді", - деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар