Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Блогер Сабина Мовлаеваға ұқсас арудың интим видеосы тарады - Айгүл Орынбек еркектерге ашуын жеткізді (ВИДЕО)

11:59, 04 қараша 2024 54702

Әлеуметтік желілерде блогер Сабина Мовлаеваға ұқсайтын бойжеткеннің интим видеолары тарап кетті. Блогер бұл қыздың өзі емес екенін қанша айтса да, халық сенер емес, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Сабина Мовлаева өз инстаграм парақшасында жылап тұрып үндеу жасады. 

“”Сағатың қанша, күштісің ғой” деген қарым-қатынастар ер адамдар жағынан өте көп болып кетті. Мен шыдай алар емеспін. Видеодағы мен емес екенімді дәлелдей алмай келемін. Полиция күт шыда дейді, шыдай алмаймын. Осы апта нүктесір қоямын. Бағдаршамда тұрғанда жаныма жігіттер тоқтап, зор екенсің ғой дейді. Мен күресе алмадым. Өзім емес екенін дәлелдей алмадым”,- деп жылады ол.

Білікті заңгер Айгүл Орынбек те қызды жақтап, істі бір жақты қыламыз деп уәде берді.

“Қыздарыңды жылатып оңбайсыңдар, ертең өзіне қол жұмсаса не істейсіңдер?!

Өсек пен төсектен аса алмайтын сорлы надандар!

Тоқтасаңдаршы болды ғой, пікір жазып отырғандардың бәрі еркек!

Еркек деген аттан садаға кеткірлер!

Сабина бір аптадан бері ақталып , ол видеода да өзі емес екенін айтып жылап отыр.

Адамның өзіне сенбейтін қандай қоғам болып бара жатырмыз?!

Қайда біздің буллингпен күрескіш пагондағылар?

Бізде мына заңсыздықтарға нүкте қоятын біреу бар ма?

Сабина көтер басты, ел алдында жүрген соң аяқтан шалу болады!

Сені қорлаған скриншоттарды жібер, біртіндеп тұрып арыз жазып, жазасын береміз!

Бұл қоғамда санасы төмен, ұятсыз надандар көп өкінішке орай!

Өз қыздарын бағаламайтын, қыздардың жарқырап жүргенін көре алмайтын шіріген сорлылар!», деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар