Экс-президенттің інісін ақтық сапарға шығарып салуға біршама адам жиналды. Жаназаға Жас Алаш тілшілері де барған. Бірақ журналистерді жиналған топқа жақындатқан жоқ.
Шамалғаннан ақпарат таратқан тілшілер жаназаға 500-ден аса адам келгенін айтады.
Әлеуметтік желі қолданушылары жаназаға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев келіп, сөз сөйлегенін айтып жатыр. Жарияланған видеода сөз сөйлеп тұрған адамның түрі көрінбейді, бірақ дауысы экс-президенттің дауысына ұқсайды.