Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ілгерілету мақсатында: Елімізде орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады

12:29, 20 қараша 2024 89

Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады – Заң жобасы парламентке түсті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

Парламент мәжілісінде «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде депутат Айгүл Құспан мәлімдеді.

Осы келісімшартқа Бішкекте қол қойылған, ол орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды қарастырады. Бұл үкіметаралық ұйым болады. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай, француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие. Аталмыш келісім тараптардың достығын, өзара түсіністігін нығайтуға бағытталған. Орыс тілін мемлекетаралық байланыс және коммуникация құралы ретінде ілгерілету қарастырылады. Комитет қорытынды әзірлеуге дайын – деді депутат Айгүл Құспан.

Ол халықаралық орыс тілі ұйымын құру мәселесін күн тәртібіне енгізуді сұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар