Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұл - академиктерді қолдау". Мұрат Жұрынов Ұлттық ғылым академиясы таратылуына қатысты пікір білдірді

15:31, 28 наурыз 2025 765

«ҚР Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі таратылды, деп хабарлайды  Alash.kz порталы.

Qazaqstan.tv жазуынша, бұл шешім қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысында көпшілік дауыспен қабылданды. Енді барлық ғалым Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясына шоғырланады.

Жиынға қатысқан академиктер елдің ғылыми әлеуетін бір орталыққа біріктіруді қолдады. Бұл шешім Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қызметіне ұқсас функциялардың қайталануын болдырмай, оны жаңа форматтағы бірегей әрі орнықты ғылыми орталық ретінде нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұл ғылымды қолдау және ғылымға бар саналы өмірін арнаған академиктерді қолдау деген сөз. Міне, қолдау тауып жатырмыз. Біз оған қуаныштымыз, - деді академик Мұрат Жұрынов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар