Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың адвокаттары апелляцияға беретіндерін айтты

16:46, 24 мамыр 2024 549

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары апелляцияға бермек. Қорғаушы жақтың барлық құжат пен үкімді зерттеуге 28 мамырға дейін уақыты бар. Бұл туралы Бишімбаевтың адвокаттарының бірі Ерлан Ғазымжанов айтты, - деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін де экс-министрдің адвокаттары апелляцияға беретінін мәлімдеген еді. Алайда уақыты нақты белгісіз болды.

"Әлі уақыт бар. Барлық деректі зерттейміз. Апелляция маусымда өтеді деп ойлаймын. Өтінімнен кейін тағы бірнеше процедурадан өту керек. Ол бір айдан аспауы керек", - дейді dalanews.kz сайты адвокаттың ztb.kz-ке берген сұхбатына сілтеп.

Сонымен қатар, Ғазымжановтың айтуынша, сот қорғаушы тарапқа алқабилердің дауыс беру нәтижелерін ашып айтпайды. Оның сөзінше, бұл апелляциялық процесте негізгі кілт болар еді.

"Біз қанша "қарсы" және "келіскен" дауыс берілгенін білмейміз. Осы деректерді білмей үкімге қалай шағымдануға болады? Теория бойынша судья алқабилердің пікіріне қайшы үкім шығаруы мүмкін. Біз оны тексере алмаймыз. Қолданыстағы заңнамада бұл ақпаратты алуға тыйым жоқ. Заңда судья мұны істеуге міндетті екені жазылмаған. Бірақ бұл бірнәрсені жасыру керек дегенді де білдірмейді, - деп түсіндірді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар