Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Элизабет Тұрсынбаева санкцияның салдарынан Ресейдегі оқуын Қазақстанға ауыстырды

12:48, 07 наурыз 2024 312

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ресейдегі оқуын Қазақстанда жалғастыруға мәжбүр.

Спортшының анасы Падишахан Сұлтаналиеваның айтуынша, оқуын ауыстыруға Ресейге салынған санкциялар себеп болған.

«Менің Лизам бірінші курстан кейін басқа университетке – Қазақстандағы КИМЭП университетіне ауысты. МГИМО дағы сияқты өте жақсы бағаға ие», - деді анасы Match TV-ға берген сұхбатында.

Элизабет Тұрсынбаев 2020 жылдың күзінде денсаулығына байланысты спорттық мансабын аяқтайтынын жариялап, Ресейдегі МГИМО-ға оқуға түскен. Ал, қазір ол Қазақстанда оқып, жұмыс істейді, мәнерлеп сырғанау мектебін дамытуда.

«Ресейдің МГИМО дипломы Америкада, Канадада және Еуропа елдерінде жарамсыз болады. Яғни, бұл дипломмен тек ТМД елдерінде ғана жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Лизаның мамандығы - халықаралық журналист және бұл әлемдік деңгейдегі мансапты білдіреді. Бұл халықаралық деңгейдегі университет, сондықтан біз оқуға түсу кезінде санкция салынатынын білмедік. Сондықтан университеттерді ауыстыруға тура келді. Лиза өзін жаттықтырушы ретінде танытып, осы мамандықта жұмыс істеуді жоспарлап отыр», деді анасы.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева ресми жарыстарда төрт қарғып секіруден (Салчоу) өнер көрсеткен тарихтағы тұңғыш ересек мәнерлеп сырғанаушы болды. Барлығы әртүрлі номинациядағы 39 медаль бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар