Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Енді оны әлем тыңдайды". Шәмші әндері шартарапқа шарықтады

21:08, 14 наурыз 2025 94

Енді ұлы қазақ композиторының шығармалары топтасқан альбомды бүкіл әлем тыңдай алады. Мұндай мүмкіндікті жүзеге асыру үшін жеті жылға созылған күрделі келіссөздер жүргені айтылды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

"Шәмші әлемі" альбомы 14 наурыздан бастап Spotify, Apple Music, YouTube және басқа да қосымшаларға шықпақ. Топтама маэстроның 95 жылдығына орай арнайы жинақталған. 

Альбомның ішінде 10 көрнекті ән бар. Атап айтқанда, альбомға "Отырардағы той", "Әнім сен едің", "Арыс жағасында", сондай-ақ румба стилінде жазылған "Бақыт құшағында" әндері енген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар