Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Салық жүйесі – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі" - Мемлекет басшысы

16:06, 14 наурыз 2025 72

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда cалық жүйесінің мән-маңызына тоқталып, бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі екенін айтты, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

"Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды. Бұл туралы жаңа ғана белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев жақсы айтып өтті. Сондай-ақ Құрылтай мүшелері Қайырбек Арыстанбеков, Марат Башимов, Ерлан Саиров, Расул Рысмамбетов және Мұрат Әбенов салық-бюджет мәселесіне қатысты орынды пікір білдірді.
Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін адамға түсінікті тілмен жеткізу керек», - деді Президент.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар