Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев алаяқтық жайын айтты. Кейінгі кездегі теріс пиғылды адамдардың қайырымдылыққа деп ақша жинауды сәнге айналдырғанын жеткізді, Alash.kz ұлттық порталы.
"Құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегіп жатыр", – деп мәлімдеді құрылтайды мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Тоқаев қазір жалпақ жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтардың" көбейіп кеткенін сынады:
"Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс", – деді президент.