Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тегін барамын: Гүлзира Айдарбекова өтемақы төлемейтіндер туралы айтып ренжіді

14:51, 14 наурыз 2025 470

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тойда ән салу үшін қанша теңге алатынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Өнер иесі тойларға жиі қатысатынын жасырмады. 

“Ағайын, туыс көп болғасын тегін баруға тура келеді. Еңбекақыңды дұрыс бермесе барғымыз да келмейді. Бірақ бір адамның жақсылығы болады, бір адамды өзің қуантқың келіп тұрады. Сондай кезде тегін өнерімізді көрсетеміз. Нұрекең қазір Астанада, сол жақтан ұшып келеді. Мен Алматыдамын. Екеуміздің жолымыз бен қонақүйіміз бар. Соның бәрін есептегенде – 1 миллион 500 мың теңге. Тойымыз өте көп. Ырымын жасап, арнайы жолыңды берсін деп, жақсы ниетпен шақыратындар жетеді”, – деді продюсер “Taboo” бағдарламасына берген сқхбатында.

Сондай-ақ арт-директор әншілікке қалай бет бұрғанын да айтып берді. 

“Маған өте көп адам хабарласады. “Қызымды ұзатып бер”, “Баламды бесікке салып бер” дейді. Жақсы ниетпен шақырып жатқасын барып, тойларына қатысамын. Бірақ “Ән жоқ па?” деп сұрайды. Содан алғаш рет “Зуби-зубиді” жаздырдық. Ол қатты танымал болып, халыққа ұнады. Одан кейін тағы да әндер жаздық. Солай ән айтып кеттік. Мен әнші болып, байқауға қатысайын деп жатқан жоқпын. Тек тойларда ғана айтамын. Негізі продюсер деген әншіден биік. Өзімнің атымды төмендеткім келмейді”, – деп ағынан жарылды Гүлзира Үсенқызы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар