Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиев қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда, - делінген ақпаратта.