Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жағдайы ауыр: Жансақтау бөлімінде жатқан сарбазға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

14:04, 13 шілде 2024 532

ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Жамбыл облысы Отар ауылында сарбаздың комаға түсуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кінәліге қатысты тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметші қазір Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальде жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Әскери дәрігерлер және басқа да мамандар оны күн сайын тексеріп, барлық емдеу шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты ауыр деп айтуға болады, бірақ жақсарулар бар, - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, өкілеттігін шамадан тыс асырған екінші әскери қызметшіге қатысты әскери-тергеу органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде. Ол – келісімшарт бойынша әскери қызметте жұмыс істеген.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейд», - деді Р. Жангулин.

Айта кетейік, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді. Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сарбаздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар