Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көріпкелдер мен бақсылардың қызметтерін жарнамалауға тыйым салынды

12:27, 23 мамыр 2024 480

Қырғызстанда көріпкелдер, бақсылар, және эзотеризмге қатысы бар жандардың қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Жогорку Кенеш депутаттары «Жарнама туралы» заңға тиісті түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Заң жобасының авторлары атап өткендей, мұндай тыйым азаматтарды жалған емшілер мен өзін экстрасенс санайтындардың алаяқтық қызметінен қорғау мақсатында енгізілген.

«Енгізілген толықтырулар жоғарыда аталған қызметтердің ақпарат алаңында еркін тайраңдауына шектеу қояды. Яғни ақпараттық кеңістікте жосықсыз азаматтардың алаяқтық әрекеттерін жарнамалауға тыйым салынады», - делінген хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар