Бұл туралы «Elmedia» YouTube-арнасы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
Арнаның ақпараты бойынша, Назарбаев әулетінің мүшелері кезектен тыс президент сайлауына дайындалып жатыр. Бірақ, заңды емес, басқа жолдарын қарастырып отыр.
Сайлауды қолданудың әдістері:
- сайлауды заңсыз деп мәлімдеу;
- халықты «өтірік оппазиция» ұранымен көшеге шығарып, Тоқаевтың отставкасын талап етіп, Қаңтар оқиғасын қайталау;
Одан бөлек екінші жолы бар:
- Назарбаев әулетімен байланысы бар деген күдігі жоқ президенттіке үміткерді шығару;
- Қаражат бөліп, мұқтаж халықтың қолдауына ие болу;
- Жойқын анти-тоқаевтік компания ұйымдастыру;
- Өткен сайлаудағы Қосанов секілді дауыс жинап, украиндік майдан немесе арабтық көктем сияқты төңкеріс ұйымдастыру;
Саясат қандай жолмен жүрсе де, басты міндет Тоқаевты биліктен құлату болып қала береді.
Арна дереккөзінің ақпаратына сәнсек, Назарбаев әулеті Қазақстан мен шетелде Тоқаевқа қарсы жоспарларды қаржыландыра бастады. Бастапқыда 100 миллион АҚШ доллары иделогиялық жұмыстар үшін берілді. Кейін тағы 100 миллион доллар тәжірибелік жұмыстарға бөлінеді.
Мерзімнен тыс президент сайлауы оппазицияның дайындығына жол бермеу үшін ғана емес, Тоқаевтың Назарбаев көзінің тірісінде қайтадан президент болып сайлануы үшін жасалды. Бұрынғы президенттің өлімі ішкі саясаттың өзгеруіне әкелуі мүмкін. Өйткені, денсаулығы нашарлаған Елбасының адамдары амбиция мен кек алушылыққа толы Назарбаев кланы мен бұрынғы ізбасарларын тоқтата алмайды. Олардың арасында Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин де бар.
Күн өткен сайын Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы ғана емес, беделі де азайып барады.
Экс-Елбасының әулеті мен ісбасарларын заңды қудалаудан қорғай алады деген ой Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың қамауға алынуы мен оның інісі Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалысымен бұзылды.
Назарбаев әулеті: «Екі Қайратты қорғай алмаса, ол өзінің пайдасы үшін басқа да туыстарын тұтқындауға бермейді деген кепілдік бар ма?» деген ойға келді.
Назарбаев майдан шебіне бармайды
Қанды қаңтардан кейін үлкен дағдарысқа түсіп, бизнесінің едәуір бөлігінен айрылған Назарбаев әулеті жоғалтып алған беделін қайтармақ. Бұны билік үшін емес, өздерін сақтап қалу үшін жасайды. Бірақ, Қауіпсіздік Кеңесінің экс-төрғасы Назарбаевтың ешкіммен «соғысуға» ниеті жоқ. Өзінің жақындары мен қазіргі президенттің арасындағы өсіп келе жатқан қақтығыс ел үшін бүкіл елдің ыдырауына әкелу мүмкін екенін түсінеді.
Кебір тұжырымдамалар бойынша, Тоқаевқа алдағы уақытта өтетін кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған Назарбаевтың өзі болатын. Ол келесі қыстан тірі шыға алмайтынын сезеді. Ал Назарбаевсыз клан президентке тіке шабуылдайды. Әзірге бүкіл «қозғалыс» сахнаның сыртында жүріп жатыр.
Қаңтарда жеңілген «әулеттің» жоспары
Кезектен тыс президент сайлауы кекшіл күштерді оятты. Президент сайлауы алдында ресейлік саяси технологтар мен үлкен БАҚ қожайындары арқылы Қазақстан қоғамында анти-тоқаевтік көңіл-күйді оятуға тапсырыс түскені туралы ақпарат пайда болды. Ақпарат бойынша, бұл тапсырысты экс-президенттің әулеті берді.
Жоғарыда жазылған міндеттерді орындау үшін клан 100 миллион АҚШ долларын жұмсады.
Ресейлік саяси технологтарға – 10 млн доллар; блогерлерге 10 млн долларға жуық; ал 15 млн доллар Қазақстанда өзіне жанқияр «камикадзе» әскері бар Францияда тұрып жатқан кісіге жіберіледі.
Демек, кек алу үшін дәл осындай күйдегі бар көшбасшы керек. Бірақ, қазір экс-президент әулетінен үміткердің сайлауға қатысуы екіталай, себебі ақымақтың өзі де олай жасаудың қате екенін біледі. Сондықтан, «әулет» пен ескі Қазақстан элитасы «бөтен қолды қолданады». Мысалы, Мұхтар Әбіләзов.
Арнаның болжауы бойынша, Әбіләзов алдағы бірнеше айда қазіргі мен бұрынғы президентке қарсы сынды күшейте бастайды.
Әулеттің қателігі
Қаңтар оқиғасына дейін Назарбаев әулеті және онымен байланасы бар шенеуніктер мен бизнесмендер Тоқаевтың мемлекет басшысы орнында отыра алатына күмәні жоғары болды. Олар Қасым-Жомарт Кемелұлын лауазым үшін күреспейді деп ойлады. Назарбаев қоңырау шалысымен отставкаға кетіп, басқа біреуге президент лауазымын беретіне сенімді болды. Қазір бәрі өзгерді… Тоқаевтың Ақордадан кететін ойы жоқ.
Кек алушылар билік үшін емес, өздерін сақтап алу үшін күреседі. Көбісі жоғары лауазымы мен активтерінен, ал кейбірі бостандықтан айрылды. Әзірге басқасын айтпағанның өзінде өмір бойы жымқырған қаражаттан айырылу мүмкіндігі өте жоғары. Мемлекет сөз жүзінде «капиталды қайтару» компаниясын жүргізуде. Егер сөз емес, іске кірісетін болса, оффшорлық операцияларға қатысқан кейбір Қазақстан азаматтары тергеу нысанына айналады. Олардың ішінде экс-президенттің жиен немересі Нұрәлі Әлиев пен өзінің бейресми жұбайы Әсел Құрманбаева, «ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев, экс-министр Бейбіт Атамқұлов та бар. Тиісті органдарда «Шетелге шығарған қаражат үшін салық төленді ме? Бұл ақша қандай операциялардан алынды?» деген сұрақтар туындауы мүмкін.
Тоқаев еркі мен намысын «таптаған» қатыгез шенеуніктер қатары көбейіп келе жатыр. Сол төтенше жағдай кезінде «кормушкадан» ажыратылған Нұрлан Нығматулин мен Асқар Мәмин. Логикаға сүйінсек, осы адамдар кек алуды жоспарлап отыр. Ал президент сайлауы дәл осы жоспарды орындауға ең қолайлы уақыт.
Олигархтар диверсиясы
Ескі Қазақстан элитасына Назарбаевтың көмегімен байыған бизнесмендер қосылу мүмкін. Мысалы, Александр Клебанов пен Владимир Ким Нұрсұлтан Назарбаевтың қол астынан шыға бастады. Оларға Тоқаевтың «крышасына» өтуге ұсыныс түсті. Бірақ, мойнына жаңа «кісен тағуға» ешкім асықпайды.
Forbes журналының резиденттері өздері майдан шебіне аттанбай, тактикалық соғысты билік дәліздерінде қолданып отыр. Мысалы, осы жазады қант жетіспеушігі мен оның «аспандаған» бағасы қолдан жасалды деген ақпарат бар. Бұл бақылаушы мемлекеттік органдардың саналы түрде процесті тежеу мен бизнестің «тәтті тауарды» балама бағамен қамтамасыз етуден бас тартуына байланысты.
Экономика мен өнеркәсіпті өткен билік тұсында байыған олигархтар басып алды. Қант секілді проблемалар кез-келген азық-түлік, бензин, дәрі-дәрмектер, коммуналды қызметтер және т.б. туындауы мүмкін. Бәстікте жүз миллиондаған доллар ақша тұрғанда адамдар бұл қаражат легін сақтап қалу үшін бәрін істейді. Сондықтан Тоқаевтың «экономиканың демонополизациялау, ашық бәсекелестік, экономика көрсеткіштерінің әділетті түрде бөлінуі» туралы бұйрықтары орындалмай қала береді.
Сайлау
Әзірге бұрынғы президент тірі кезде, ол құрған саяси жүйе барда, саяси қызметке өзі тағайындаған адамдар бар кезде Тоқаевқа қайтадан сайлану оңай. Екі президенттің арасында келісім бойынша Сенат басшысынан бастап, Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне дейін, ешкім кедергі болмайды.
Елбасы сағаты жақындады… Назарбаев 82 жаста. Ол қашанға дейін бұл дүниеде жүреді… Белгісіз…