Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оны саясатқа әкеліп, шығындалудың қажеті жоқ". Сарапшы Назарбаев әуежайына код беру ақша шашу дейді

12:28, 26 мамыр 2024 534
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының коды 2020 жылы сәуірде NQZ болып өзгерді. Оның алдында TSE болып қолданылған.Өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымында күшіне енді.
Авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы беретін кодты ауыстырмау қажет екенін айтады.
Себебі ол жүйенің жұмысына кедергі келтіреді деп жазады Alash.kz.

Бұл туралы сарапшы Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында айтқан.

Әуежайға кодты IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) береді. Ол тек IATA жүйелері үшін қажет. Жолаушы ретінде бұл кодты пайданбаймыз. Код билетте жазылып тұрады, себебі билет сату жүйесі, тарифтерді реттеу жүйесі IATA арқылы жұмыс істейді. Ал ICAO-да басқа код қолданылады. Авиадиспетчер IATA кодын пайдаланбайды, ICAO кодын пайдаланады, - дейді Абыл Кекілбаев.

Сарапшының айтуынша, әуежайдың кодын бірінші болып Баку ауыстырған. Гейдар Алиев атындағы әуежайға GYD коды он шақты жыл бұрын берілген.

«Дәл солай ережеге өзгеріс енгізіп, Астанадағы әуежайдың да коды өзгерді. Көп елдің кодын білемін, олардың елдімекеннің атауына ешқандай қатысы жоқ. Жүйенің жұмыс істейтін кодтың ешқандай маңызы жоқ.

Кей жүйелерде Астананың коды бұрынғы TSE күйінде тұр. Әрі-бері ауыстыру – ақшаны бос шығындау. Бір бекітілген код жүйенің жұмысына кедергі келтірмеу үшін сол күйі қалуы керек. Оны саясатқа алып келіп, ол үшін шығындалудың қажеті жоқ. Бірақ біреу ұпай жинады, біреу өзінің керемет екенін көрсетті», - дейді авиация сарапшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Абыл Кекілбаев – ICAO Орталық хатшылығында жұмыс істеген алғашқы және әзірге жалғыз қазақ

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар