Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көрегендік: Маңғыстаулық егіз дзюдошылар шетелдегі турнирде бір-бірімен күреспей қойды

09:12, 03 желтоқсан 2024 357

Маңғыстаулық егіз дзюдошылар шетелдегі турнирде бір-бірімен күреспей қойды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы otpannews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Польшада дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан халықаралық турнирде маңғыстаулық ағайындылардың татамидегі әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Величка қаласындағы “International cadet Judo Salt Cup” турниріне Маңғыстау облысынан Әділ Бейсенқұл жаттықтыратын жас дзюдошылар да аттанған болатын. 

 30 келі салмақ дәрежесінде маңғыстаулық егіздер Ерасыл мен Нұрасыл Амангелді жарыс жолында жүлде үшін бір-бірімен күресуіне тура келді. Алайда Ерасыл шешуші сәтте жұрт күтпеген қадамға барды.

Ол белбеуін шешіп өзінің егізі Нұрасылдың иығына іліп, ізет көрсетті. Осылайша 30 келі салмақта қола жүлдені сыңары Нұрасыл иеленді. 

«Екеуі де біздің академияның шәкірттері. Біреуі жұбаныш белдесуін өткізіп, егіз балалар қола жүлде үшін күресті. Ерасыл мен Нұрасыл екуіне де күрес деп айтқан едім. Бірақ кішісі үлкеніне құрмет танытып, жолын берді», - деді бапкері Әділ Бейсенқұл. 

Аталған жарысқа 9 мемлекеттен елуден астам команда жиналған.  2009-2010 және 2013-2014 жылы туған балалар арасында 600 спортшы бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар