Ақшасын алып сүріне жүгіргендер
Тұжырымдама шеңберінде алдымен қор қызметінің негізгі салалары және қолдау көрсететін халықтың негізгі санаты айқындалды. Кейінірек Тоқаев "Самұрық-Қазына" холдингі табсының 7 пайыздық үлесін қорға аудару жөнінде тапсырма берді. Ерікті түрде екінің бірі ақшасын апарып бермейтінін білсе керек.
Былтыр қаңтар айында партияның съезінде сөйлеген сөзінде "Қазақстан халқына" қоры туралы айта келе Қасым-Жомарт Тоқаев "олигополияның бір бөлігі, бизнестегі кейбір белгілі адамдар мемлекет басшысы бастамашылық еткен қайырымдылық акциясына қатысуға асық емес екенін" атап өткен болатын.
Оның алдында кәсіпкерлермен кездескен кезінде президент "ірі компаниялардың бәрі пайдалы қайырымдылық қызметпен айналысатын қорға үкімет белгілеген салық салынатын кірістің пайызын қосады" деп мәлімдеді.
Айта кетерлігі, қор басшысы Болат Жәмішев қорда "бірінші кезектегі міндеттерге 100 млрд және екінші деңгейдегі міндеттерге 50 млрд теңге дайын болады" деген.
Қордың құрылатыны хабарланғаннан кейін кәсіпкерлер мен олигархтар өздерін сенімді адам ретінде көрсете отырып, қорға ақша аудара бастады. Қаңтар оқиғаларына дейін біздің елде "қосбилік" жайлы көп әңгіме айтылды да, биліктің нақты тетіктері Тоқаевтың қолына қаңтардан кейін пайда болды.
Мәжбүрлі бейімділік
Түрлі рефераттарда қайырымдылық жеке адамдар немесе коммерциялық ұйымдар тарапынан қоғамдық қорларға ерікті қаражат немесе басқа да қажетті таурады аудару деп жазылады. Оны көбіне альтруизммен байланыстырады, яғни бұл - басқа адамдар игілігін өз пайдасынан жоғары қоятын мінез-құлық принципі.
Біздің жағдайда альтруизм немесе адамдарға деген қайырымдылық және сүйіспеншілік туралы айтуға келмейді. Кәсіпкерлер қаржылай қайырымдылық жасау арқылы билікке бейіл екенін танытады. Оның бірнеше себебі бар: біріншісі – стратегиялық мүдделер. Олар билікті қолдау арқылы өздерінің бизнесін немесе мүдделерін қорғауға үмітті. Қайырымдылық әрекеттер лауазымды тұлғалармен байланыс орнатуға және нығайтуға, сондай-ақ артықшылықтарға, ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін инвестициялар ретінде қарастырылды. Сонымен қатар бұл мәжбүрлі бейімділіктің басқа да шындықтары бар.
Бір қызығы, "Қазақстан халқына" қорын құрмаған жағдайда, қаржылық бейілділіктің мұндай жаппай көрінісі болмас та еді, әлде әлдеқайда аз көлемде болар ма еді. Мемлекет басшысының "Қазақстан халқына құрмет көрсететін уақыт келді" деген мәлімдемесінен кейін билік шыныменТоқаевта екенін түсінген олигархтар миллиондаған трансферттерін сала отырып, өздерінің бейілділігі мен елінің патриоты екенін көрсете бастады. Өздерін белгілетуге асыққан Александр Клебанов және өзгелердің капиталдары қалай пайда болғаны жайлы уақыт өте келе құқық қорғау органдарында сұрақтар туатыны белгілі. Айтпақшы, қордың реципиент донорларының тізімінде біз бизнесте бір сағат болсын жұмыс істеген долларлық мультимиллионерлерді, не Дариғаны, не Әлия Назарбаеваны көрмедік.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры да тыс қалмады. Алайда бергені 500 млн теңге ғана. Бұл ақшаны экс-президенттің тоқсаныншы жылдары Испания королі Филиптің Астанаға келген кезде “сыйға тартқан сомасымен” салыстыруға болады. Бұл сома жайлы марқұм Рахат Әлиев "Өкіл қайын ата" кітабында жазғаны бар.
Табысты бизнесмен және меценат, филантроп, альтруист Болат Назарбаев өзінің жомарттығымен қорға 1 000 000 000 теңге үлес қосты.
Сараңдар ма?
"Қазақстан халқына" сайтында донорлардың тізімі бар. Бірақ біз ол тізімнен Әбіқаевты, Қасымовты, Қожамжаровты, Байбекті, Мыңбаевты, Жұмашовты және саясат сахнасынан кеткен басққа да "жұлдыздарды" көрмедік. Олардың бір ғана мемлекеттік қызметте жүріп, қалай байығаны қоғамда бұрыннан, қазір тіпті көп сұрақ туғызып жатыр.
Шамасы, олар "кедей және бақытсыз болып көрінгеніміз дұрыс, тек зейнетке шыққан кезде қасықтап жинағанымызға әрең күн көріп жүрміз" деп өздерін көрсеткілері келсе керек.
Жоғарыда аталғандар Қазақстаның ең дәулетті 50 адамының қатарына - Forbes тізіміне кірмейді. Бірақ Ибрагимовтар, Сәрсеновтар, Сейтжановтар, Мұқашевтар, Э. Огай, С. Кан, Д. Жұманбаев, Д. Абулгазин, Б. Абулазимов, А. Кәрібжанов, Б. Исабаев, К. Мәжібаев, К. Көпбаев, Д. Нұржанов, С. Тулбасов, Е. Балфанбаев, Е. Достыбаев, А. Омаров, С. Қожабаев, С. Толықпаев, Е. Баймұратов, Н.Назарбаев, Нұрбол секілділердің үнсіз қалғаны тағы бар.
Ақша ағындары
Қаржылық қайырымдылықтар кәсіпкерлер үшін өз беделін нығайтудың және қоғам мен биліктің мейірімді көзқарасын қалыптастырудың тәсілі болуы мүмкін. Олар өз іс-әрекеттерімен қоғамның оң реакциясына ие болып, әртүрлі бастамаларға қайырымдылық істерге мұрындық бола алады.
"Қазақстан халқына" сайтының деректеріне сәйкес, 01.10.2023 жылғы жағдай бойынша қорға 156 960 472 288,7 теңге түскен. Бұл соманы елден шығарылған ақшамен салыстыра алмайсыз.
Былтыр қор 132 млрд теңге жинады. Ал 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында "Қазақстан халқына" қорына 23,4 млрд теңге түсті, оның 22,3 млрд теңгесін Алматының тумасы, ресейлік кәсіпкер Василий Анисимов тапсырды. Бұл сома бүгінгі күнге дейін қорға жеткен ең үлкен қайырымдылық болып отыр. Биыл күтпеген жерден атақты латифундист, мәжілістің бұрынғы депутаты Ромин Мадинов 3,6 млн теңге жарна салғаны бар.
Мақсаты бар қайырымдылық
Кәсіпкерлер мәселесін реттеп, жеңілдік алу үшін немесе лицензиялар сияқты ерекше артықшылықтарды алу мақсатында, кейде билікті қолдау үшін қаржылық қайырымдылық жасап жатады.
Алайда кәсіпкерлердің бәрі қаржылық қайырымдылық арқылы билікке адал көрінгісі келмейтінін ескерген маңызды. Бұл әр кәсіпкердің жеке себептері мен мақсаттарына байланысты.
Біздің ойымызша, кейбіреулер найзағай өтті, жарқырады, жаңбыр басылды, енді капиталды көбейте берейік деп ойласа керек.
2 қарашада елдегі байлардың бірі The Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінің 10 жылдығын атап өткен. Сержан Жұмашов мерейтойлық мерекелерге танымал кәсіпкерлерді жинады. Кейбір қонақтар, Жұмашовтың өзі сияқты Тоқаевтың үндеуін елемей, қайырымдылыққа қаражатын қимағандардың қатарында.