Қазақ боксшысы Елянұр Тұрғанова бокстан Будва (Черногория) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
50 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Елянұр Тұрғанова финалда ирландиялық Карла Пикиді жеңіп, Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды.