Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытай дәрігерлері адамға доңыз бауырын салды

12:08, 27 мамыр 2024 682

Қытай дәрігерлері бауыр обырына шалдыққан науқасқа доңыздың генетикалық түрлендірілген бауырын салды деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Аньхой медицина университеті ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме беріп 24.kz хабарлады.

Ақпарға қарағанда, доңыздың бауыры 71 жастағы науқасқа салынған. Мамандар оның жағдайы қалыпты, операциядан кейін денсаулығында еш өзгеріс туындаған жоқ дейді.

Айта кетейік, қытай ғалымдары доңыздан адамға ксеногендік бауыр трансплантациясын әлемде бірінші болып жасап отыр.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар