Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарылық полицей үш бала мен әжесін өрттен арашалап, жанын сақтап қалды

16:02, 15 наурыз 2025 187

Құлсарыда полиция қызметкері жанып жатқан пәтерден үш баланы әжесімен бірге құтқарып алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Оқиға бүгін сағат 09:35 шамасында болған. Атырау облысы Құлсары станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қатардағы полицейі Әлихан Ахметовке вокзал аумағын патрульдеу кезінде жұбайы хабарласып, вокзал маңында орналасқан үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққанын айтқан.

Дереу оқиға орнына барған полицей төтенше жағдайдың үстінен түскен. Көлік полицейі қатты түтін мен қауіпке қарамастан, ғимараттан адамдарды өз бетінше эвакуациялай бастайды. Нәтижесінде кәмелетке толмаған 3 баланы әжесімен бірге аман-есен алып шыққан.

Полицей осымен шектеліп қалмай, ешкім қалмағанына көз жеткізу үшін жанып жатқан пәтерге қайта кірген. Алайда өрт пен түтіннің қарқынына байланысты полиция қызметкері толық тексере алмай, қаман қалу үшін екінші қабаттан секіріп түскен.

Полицияның мәліметінше, 21 жастағы қатардағы тәртіп сақшысының қызметке орналасқанына небәрі екі-ай болыпты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар