Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей басшыларының өтірігі бірінен бірі асады

13:23, 22 қыркүйек 2022 163
Путин ақыры Ресей Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың генералдарының ұсынысын басшылыққа алып жартылай әскери мобилизация жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Енді біраз орыс қаласа да, қаламаса да қолына қарау алып, Украинаға аттанады. Ол жақта оларды не күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қорқынышты.

Путиннің телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінен кейін, Қорғаныс министрі Сергей Шойгуда «Россия 1» арнасына сұхбат беріп, әскери операцияның қалай жүріп жатқаны жайында әңгімелеп берді.

Шойгудың айтуынша, әскери операция жоспар бойынша жүзеге асуда. Бұған қош делік. Күнделікті естіп жүрген сөзіміз ғой.

Ол сұхбатында әскери операция кезінде оққа ұшып мерт болған әскерилердің саны 5 937 жетіп, жараланғандардың саны 49 368 адамды құрағанын алға тартты.


Ал Украина жағы мерт болғандардың саны 50 мыңнан асып кеткенін айтуда. Сонда қай жаққа сенуге болады?

Алты айға созылған соғыста Кремль 5 937 адаманына айырылса, бұл анау айтақанда көп шығын емес.

Егер Ресей тарапынан оққа ұшқан сарбаздардың саны аз бола тұра, Путин 300 000 адамды әскер қатарына алу туралы жарлыққа қол қойғанын қалай түсінуге болады?

Бұдан орыстардың шығыны Шойгу айтқаннан әлдеқайда көп екенін байқайсың.

Егер Шойгу айтқандай әскери шығын аз болса, Путиннің аспазшысы Евгений Пригожин түрмелерді аралап, “зектерді” соғысқа баруға үгіттемес еді.


Осындай жайттарды есепке алсаңыз, Ресей басшылары бір-бірінен асырып өтірік айтып отырғанын байқайсың.Егер Шойгу айтқандай әскери шығын аз болса, Путиннің аспазшысы Евгений Пригожин түрмелерді аралап, зектерді соғысқа баруға үгіттегенін қалай түсінуге болады?

Осындай жайттарды есепке алсаңыз, Ресей басшылары бір-бірінен асырып өтірік айтып отырғанын байқауға болады.

Нұрлан ЖҰМАХАН 

dalanews.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар