Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

РОП операторының бұрынғы басшысы күдікке ілінді

05:45, 02 сәуір 2022 247
 



РОП операторының бұрынғы басқарушы директоры 13 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «РОП Операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директорының ұсталғанын хабарлады. Ол 13 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.
 «Ол «Жасыл Даму» АҚ өкілі болып табылатын «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде есептен шығарылған көліктерді кәдеге жарату үшін жоғарылатылған шығын белгілеу арқылы 13 миллиард теңгеден астам сомаға сеніп тапсырылған қаражатты жымқырды, сол арқылы мемлекетке аса ауқымды зиян келтірді деген күдікке ілінді («РОП Оператор» ЖШС-нің иегері)» деп хабарлады «Антикор».

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдары «РОП Оператор» ЖШС-нің басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар