Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тақиямызды хиджабтың үстінен киіп қор қылмаңдар" - дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева

16:44, 28 наурыз 2025 1098
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік парақшасында хиджап жайлы пікір білдіріп, тақияны қорламауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
 
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік парақшасында хиджап киетіндерге қатысты пікір білдірді:
Хиджаптың басына такия киіп, қыздар киетін тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз-тақия, әйел-орамал, кемпір-кимешек киген. Сендердің хиджаптарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы мынау кемпір ма,әлде қыз ба?-. деп таң қалар, ,,Кемпір-қыз,, атты жаңа туынды деп түсінер. Я-кемпір бол, я-қыз болыңдар. Салафит қатындар қазақтың қыздарының киімін қор қылып, салафизмді жастарға насизаттаудың хитрый подходын жасамаңдаршы, қулықтарың салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрініп қалады, - деп жазды әнші.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар