Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

TikTok желісінде қазақ жері туралы сөз қозғаған көп балалы ана үш жылға сотталды

15:12, 25 шілде 2024 610

ТикТок желісіндегі өрескел пікірі үшін 39 жастағы 5 баланың анасы 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол желіде Қазақстанның солтүстігі Ресейге тиесілі деген. 

Қылмыстық іс Мамлют ауданының Дубровное ауылында болғаны көрсетілген.

Көп балалы ана желіде тікелей эфир жүргізіп, саяси тақырыптарды да қозғаған. 

“Бейнежазба барысында, сөздері өзгелерге теріс әсер етуі мүмкін екеніне қарамастан, әйел Солтүстік Қазақстанның бүкіл аумағы тарихи түрде Ресей Федерациясының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірлігі деп ашық айтқан. Оның ішінде Петропавл, Сотүстік Қазақстан облысын атап көрсеткен. Сондай-ақ ол Ресей әскерлерінің Қазақстан аумағына қарулы басып кіруін қолдайтынын айтқан. Бұл ретте ол белгілі бір адамдарға, оның ішінде ел аумағында тұратындарға сепаратизмге бастамашылық жасауда негіз құрып отыр”, – делінген сот үкімінде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар