Б.Тілеухан:
"Қазіргі Парламент Мәжілісінің депутаттарына көңілім толады. Айгүл Құспанға, Руслан Берденовке көңілім толады. Нартай Аралбайұлы, Ринат Зайытов - популист. Өйткені, жалақының өмірі 300 мың теңге болмайтыны түсінікті. Аңғал жұртқа ашық популизм. Алдағы бір сөздерін өткізу үшін бедел жинап келе жатыр. Сол жақта жүрдік, технологиясының шет жағасын білеміз ғой. Келешекте әсіресе, исламға тиісу мақсатында бедел жинап жатыр. Оларды әңгіме қылып айтуға татымайды. Не сөйлеп, не қойғанын білмейтінін Ермұрат Бәпи деген адам бар. Ұлытау ауданы, Жезқазған өңірінің бәрін Сирияға жіберіп, радикал қылған Бекболат деген сөзі үшін сотқа берсем, аяғы аспаннан келеді. Соттасып жүргім келмейді, бірақ сондай төмен адамның сондай жерде жүруі обал, Аузы жаман сөзді былғайды, аяғы жаман төрді былғайды деген сияқты төрді былғап жүр ғой бишара", - дейді ол.
Сондай-ақ, экс-депутат билікке айтқанға көнетін, жуас адамдар баратынын жасырмады.
"Билікке өте дерзкий адамдарды әкелмейді. Арон Атабаевар қорқынышты, өйткені айтқанынан қайтпайды. РОВД-ға кіргізіп, ішінен 10-15 минут таяқтың астына алғанда, судан шыққан сарышұнақ ұқсап сүмірейіп тұратын Ринат сияқты адам керек билікке. Шындап қысып жібергенде сүмірейіп шыға келетін адам керек. Бір қарағанда қайратты болуы мүмкін, бірақ шындап қысып жібергенде құйрығын екі бұтының арасына қысып алып қашатын адам керек. Ринат тізерлеуімен мынамен жұмыс істеуге болады дегенін көрсетті. Қазір кім исламға тиіссе, сол жұртқа ұнайды. Ақырында Ыбырай сұмырай деп аяғы аспаннан келді. Ыбырай сұмырай емес. Ыбырай - мұсылманшылықтың тұтқасын алғаш жазған адамдардың бірі", - дейді.