Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

37 апталық баласы шетінеді: Нашақор қайын інісінен таяқ жеген келіншек өте ауыр жағдайда

11:02, 12 наурыз 2025 584

Желіде туған қайын інісінен зәбір көрген келіншектің оқиғасы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ozgeris.info сайтына сілтеп.

Парақшада көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, жас келіншекті қайын інісі сабаған.

«Нашақор қайын інісінің қолымен істеген ісі. Қарсыбаевтар әулетіне көмектеріңіз керек. Әпкем Қарсыбаева Гүлмерейге Астана қаласына ота жасауға бару үшін қаржы керек», — деп жазған видео авторы.

Айтуынша, оқиға 2024 жылы Павлодарда болған.

Желі қолданушылары аталмыш жайтқа қатысты түрлі пікір жазды.

«Күйеулерің қалып, енді қайын інілерің шықты ма», «37 апталық баласы шетінеп кеткен еді», «Сонда күйеуі араласпай, қарап отырған ба», «Жеңге сыйлау білмейтін надандарға таңғаламын», «Қасқыр болыңдар, қыздар. Момын болсаңдар бәрі басынады», — деп жазды олар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар