Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бәрімізге аты айқын танымал актриса рак ауруына шалдығып қалды

15:47, 12 наурыз 2025 909

Актриса Валентина Талызинаның денсаулығы күрт нашарлады, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT басылымы Ресей мен Кеңес Одағының танымал актрисасы Валентина Талызинаға дәрігерлердің көмегі қажет болғанын хабарлады.

Ол бірнеше күн бойы өзін жайсыз сезініп, жүрек айнуы мен денесіндегі ауырсынуға шағымданған.

Тексеру барысында мамандар оның жағдайының онкологиялық сырқатпен байланысты екенін анықтады.

Актрисадан ұйқыбез обыры диагнозы қойылып, қазіргі уақытта ол амбулаторлық ем қабылдауда.

Валентина Талызина – кеңес және ресейлік киноөнерінің жарқын тұлғаларының бірі. Ол көрерменге “Ирония судьбы, или С лёгким паром!”, “Зигзаг удачи”, “Афоня”, “Женитьба” және “Гостья из будущего” фильмдеріндегі рөлдері арқылы жақсы таныс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар