Нәресте небәрі жеті күндік болғанда анасы оны сатпақ болған, деп хабарлайды Alash.kz.
Сурхандария облысының тұрғыны өз сәбиін 62 миллион сумға (2,3 миллион теңге) бағалаған.
Құқық қорғау органдары оны баланы сату кезінде ақша алмақ болған сәтінде ұстады.
Сот 36 жастағы азаматшаны Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 135-бабы 3-бөлігінің “а” тармағы бойынша кінәлі деп таныды.
Ол адам саудасы, кінәлінің он сегіз жасқа толмаған адамға қатысты қылмыс жасауы бабы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды.