Ресейлік шоумен 8 наурызға ұсақ-түйек гүл мен әтірдің орнына сүйіктісіне 1 миллион рубльге (шамамен 5,6 миллион теңге) зираттан орын сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, қарапайым сыйлықтар – оның стиліне жат.
“Әтір сыйласаң – ұнамай қалуы мүмкін. Ал зираттағы орын – бұл жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция!” – деп түсіндірді ол өз логикасын.
Сыйлығы әдемірек көрінуі үшін шоумен алдын ала учаскені гүлдермен безендіріп қойған.