Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жылыту төсенішіне күйдірген: Семейде жаңа туған сәби перзентханада қатты күйіп қалған (ФОТО)

18:17, 11 наурыз 2025 1486

Семейдегі перинаталды орталықта жаңа туған шақалақ күйіп қалды, деп хабарлайды Alash.kz Bairaqmedia.kz сайтына сілтеп.

Анасының айтуынша, айы-күні жетіп аман-есен босанған нәрестені ақ халаттылар күйдірген.

32 жастағы Камаль Оразғалиева екінші қаңтарда шекесі торсықтай ұл босанған. Өмірге әкелген төртінші баланың салмағы – 4 келі 150 грамм. Қазір кішкентай Әлидің денесінің сау тамтығы жоқ. Қос жамбасы мен иығы және арқасы үлбіреп жатыр.

Бала туғанда қалыпты болып туды. Ешқандай ауру, ауытқуы болған жоқ. Тоғыз ай толық көтерді. Әйелім еш аурумен ауырған жоқ. Бүкіл анықтамалары бар. Бала 4 келі 150 грамм болып туды. Бойы – 58 сантиметр. Дені сау туылған бала, – дейді әкесі Амангелді Жұмашев.

Ашынған ата-ананың айтуынша, баласының күйіп қалғанын дәрігерлер 2 тәулік бойы жасырған. Тек екінші күні шақалақтың жылытуға арналған төсенішке күйіп қалғанын мойындаған көрінеді. 

Дәрігерлердің айтуынша, бала жылытуға арналған төсенішке күйіп қалған. Мен бірден төмен түсіп, қарадым. Артынша олар жараны жарып, хирургты шақырды. Сондай-ақ, менен айғай шу-шығармауымды сұрады.  Осы күнге дейін күйкіпен емдеп келген болатын. Енді, тұқымнан берілуі мүмкін, күйік емес деп отыр, – дейді анасы Камаль Оразғалиева.

Ал, ақ халаттылар «сәбиді күйдірмедік, бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін» деп ақталып отыр. Бірақ, оның қандай сырқат екенін анықтауға шамалары жетпей жатыр. Сондықтан олар шақалақты дереу Астанаға аттандырмақ.

Басында біз күйік деп есептедік. Оны жоққа шығармаймыз. Сол диагнозбен Астанадағы дәрігерлерге бәрін айттық. Оны жоққа шығарып отырған ешкім жоқ. Қазір бұл белгілер күйікке ұқсамай жатыр. Қалыпты жағдайда күйік деген 6 тәуілікте жиналып, жазылады, – дейді Абай облысының бас неонатолог дәрігері Шынар Астаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар