Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шортанды ауданының құтқарушы қызметкерлері жұмысқа шықпай, наразылық білдіруде

21:27, 11 наурыз 2025 474

11 наурыз, сейсенбі күні Шортанды ауданының құтқарушылары бөлімше басшысының жұмыстан босатылуына байланысты наразылық білдіріп, жұмысқа шықпады, деп хабарлайды Alash.kz.

Құтқарушылар қызметтерінен кетуге дайын екенін білдіріп, өтініштерін де дайындап қойған.

Олар адам өмірін құтқаруға әрдайым әзір, алайда жөндеу жұмыстарын жасауға, санитарлық тораптарды ретке келтіруге, жылу жүргізуге және өз міндеттеріне кірмейтін басқа да жұмыстарды атқаруға келіспейтінін айтты.

Қызметкерлердің айтуынша, облыстық ТЖД тарапынан қысым жасалып отыр. Олар жұмыстан босатылған бастықты құрметтейтінін және сол үшін наразылық танытып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, құтқарушылар жүйелі түрде ақша жинау (побор) мәселесі бар екенін де алға тартты.

Ақмола облысы ТЖД төңірегінде қалыптасқан жағдайға байланысты МЧС ресми түсініктеме берді:

“Қазіргі уақытта барлық мән-жайды жан-жақты анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жағдайды жан-жақты зерттеу үшін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы комиссия жіберді, оны вице-министр Кеген Тұрсынбаев басқарады,” – деп мәлімдеді МЧС өкілі Динара Нұрғалиева.

Оның айтуынша, Шортанды аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының өз міндеттерін атқарып жатқанын, ал өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы кезекшілік қызметін жалғастырып отырғанын атап өтті.

“Әлеуметтік желілерде резонанс тудырған жұмыстан босату туралы мәселе нақты дәлелдерге негізделмеген. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ашық диалогқа дайын екенін және жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдейді. Барлық шаралар заңдылықты сақтай отырып, әділ шешім қабылдауға бағытталған,” – деп хабарлады ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар