–Айдана Арманқызы, өкінішке қарай күн санап артып бара жатқан айналамызда орын алатын суицидтік көңіл-күйді болдырмаудың тиімді амалы, қатердің алдын алу ғой, келісесіз бе?
–Жалпы негізінен қазақта: «Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Осы секілді ең бірінші жолдарын іздеу керек. Балалармен жарқын, ашық сөйлесу керек. Бала кез келген ойын айта алатын деңгейге жету керек. Сонымен қатар қазіргі кездегі отбасылық қарым-қатынастың деңгейі орташа деп айтар едім. Бірден төмен деп айта алмаймын. Қазіргі кезде саналы аналарда көбейіп келе жатыр. Баланың бойындағы ерекшеліктерін байқап отырады. Тырнағын тістеу мінез-құлқын байқаса, психологиялық тұрғыдан міндетті түрде мамандардан кеңес алуға тырысады. Бірақ сонымен қатар қазіргі кезде жұмысқа салынып кеткен отбасыларды да көреміз. Бала өзімен-өзі өсіп жатады. Ата-анамен сөйлеспейді, күні бойы телефонға телміріп отырады. Ата-анасы жұмыстан келген соң, сабағыңды оқыдың ба, тамағын іштің бе, бірақ баламен ешқандай жұмыс жасамайды. Сондай да отбасылар бар. Қазіргі кезде орташа деңгейде деп айтуымның себебі осы.
–Өзіңіз балалар психологысыз. Бүгінгідей ақпараттық майдан қидаласқан заманда өте қажетті мамандықтың бірі. Бүгінгі күнде біздің қоғамда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қай деңгейде деп пайымдар едіңіз?
–Қазір баланың психологиясын бұзатын көп жағдайда телефон, гаджет, телевизор, контенттің әсері болып тұр. Сол жағының амалын тапсақ. Өкінішке қарай, біздің еліміз алдыңғы қатарлардың бірінде тұр. Осы жағы бізді мазалайды. Жақсы жағынан емес, жаман жағынан көрініп тұрмыз ғой енді. Бірақ оны шешу үшін біріншіден, отбасындағы балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын нығайту қажет. Гаджет телефондардың да әсері бар. Суицидке көп жағдайда не итермелейді. Кейбір балалар өлемін деп бармайды, олар жай ғана ренжіткен адамды қорқытқысы келеді. Сонымен өзінің маңыздылығын, құндылығын көрсеткісі келді. Өзің дәлелдегісі келеді өзің ренжіткен адамға. Немесе мені біреулер құтқарып алады деп ойлайды.
– Отбасы психологы ретінде ата-аналарға әсіресе жас отбасыларға қандай ақыл, кеңес айтасыз, біз ұрпақ тәрбиесінде көп жайтты жоғалтып алған жоқпыз ба?
–Жас отбасы иелеріне айтарым, балаларыңызға бір мезгіл сапалы көңіл бөле біліңіздер. Сапалы уақыт деген жай ғана баланың жанында отырып, телефон немесе телевизор көріп, газет оқып отыру сапалы уақыт емес. Сапалы уақыт 10-20 минут болсын, баламен ашық сөйлесу, қарапайым күнін қалай өтті. Бүгін балам балабақшадан не тамақ жедің. Апайларыңмен не ойнадыңдар деп, ал егерде ересек балалар болса, мектептегі күнін қалай өтті деп. Ойын ойнаған кезде баламен бала боп сапалы уақытты өткізу. Сенбі-жексенбі күндері таңғы асты бірге отырып, ішу. Балаңыз қандай қызығушылығы бар. Не жасағысы келеді. Бала бір нәрсеге ренжіп келсе, оған қолдау көрсету керек. Бұл жерде тек анасы ғана емес, әкесінің рөлі де үлкен маңызды. Себебі қазіргі кезде әкелері күні бойы жұмыста. Демалыс күндері де жұмыста барлығын әйелдеріне ысырып қояды. Бұл жерде әке мен шешенің рөлі бірде болу керек. Сонымен қатар тағы бір айтарым, отбасылық құндылықтарды жоғары қойып, ата-әжелердің де тәрбиесіне беру керек. Үлкендерді сыйлау, құрмет, ізет көрсетуді үйрету керек. Ата-әженің де тәрбиесін көріп өсу керек бала. Бұл жерде баланы Алланың бізге берген аманаты аманатқа қиянат жасамау керек. Ол да жеке тұлға. Біздің жеке меншігіміз емес. Оған салиқалы, саналы, бақытты өмір сыйлауымыз керек. Бірінші ата-ана өзінің тәрбиесін көрсету керек. Жұмыстан келе сала телефонға телмірмей немесе құлақтың тыныштығын ойлап, балаға телефон беріп қоятындар бар. Бір оқиға болды балаға телефон беріп қойды бала таңғы үшке дейін отырды. Баланың психологиясы қалай өзгеріп жатқанын елестету мүмкін емес. Бала сағат 22.00-де ұйықтап қалу керек. Режим сақтау керек. Адамның бойындағы қажетті гармондар бөлінеді. Бала тұрмақ ересек адамға да ерте жатып, ерте тұрған өте пайдалы. Бұл бала таңғы үшке дейін телефон көреді. Оның мінез-құлқына, денсаулығына әсер етеді.
–Ғаламтордағы түрлі қатерлі ойындардың қасіретін де шегіп жүрген жандар қаншама? Бесіктегі баланың өзі ұялы телефонға телміретін заман қазір. Қоғамдағы үлкен мәселеге айналған суицидке баруға телефонның ішіндегі түрлі жайттардың да әсері тиетіні белгілі. Бұған қандай ой қосасыз? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша суицид орын алудан Қазақстан алдыңғы ондыққа енеді. Бұған қандай тоқтау қоюға болады? Әсіресе балалар арасындағы суицид азаюдың орнына көбейіп бара жатқандай.
–Әрине, бала телефон көру арқылы жеңіл деп ойлайды. Ол көп жағдайда күтуге шыдамсыздық пайда болады. Өйткені телефонда барлығы тез болады. Өзіңе қажетті заттарды тез тауып алады. Қазір қай жерде жүрсеңізде телефонға телміргендер көп. Үлкенді де, жасты да көреміз. Бізге қазіргі жағдайда осы телефон мәселесімен айналысу керек секілді. Көптеген контенттерге шектеу қою керек. Ең басты мәселе, отбасындағы қарым-қатынас жайлы. Отбасыңдағы құндылықтарды жандандырсақ, сол кезде суицид азаяды деген ойдамын. Қоғамда суицидтік көңіл-күйді азайтамыз десек оны тек бір адамдарға ысырып қоймай барлығымыз жұмыла күресуіміз керек. Сонда ғана ісімізден нәтиже шығады.
Сұхбаттасқан Көшім Есім