Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «№13 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан арнайы контингент арасында 6 шілде – Астана күні мерекесі аталып өтті. Сотталған азаматтарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәліметтер беріліп, Астана туралы деректермен білімдерін, ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел жанды азамат болуға тәрбиелеу мақсатында мекеме әкімшілігі ұйымдастыруы мен ақпараттық сағат, мекеме аумағында арқан тарту, шахмат, шашки, футболдан жарыстар ұйымдастырылды. Орын алған сотталған азаматтар мекеме бастығының атынын марапаттаулар мен сыйлықтарға ие болды.
Осылайша отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезімді қалыптастыру біздің ең басты мақсат болып табылады.
«№13 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие
жұмысы бөлімінің бастығының әділет капитаны Д.Е.Құныпияев