Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елордада әйелдер форумы өтті

11:57, 21 ақпан 2023 246
Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам қатысушының басын қосқан «AMANAT» партиясының әйелдер форумы өтті. Жиынға белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар, кәсіпкерлік, білім беру сияқты және басқа да салалардың өкілдері қатысты.



Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ олардың өз қабілет-қарымын жүзеге асыруын және елдің саяси өміріне араласуын қамтамасыз етуге бағытталған «AMANAT» партиясының бастамалары талқыланды.

Партияның Республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге араласуын кеңейту қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов форумға қатысушылардың партияда әйелдер қанатын құру туралы ұсынысын қолдап, Орталық аппараттың басшылық құрамын әйел адаммен толықтыруды тапсырды.

«AMANAT» мүшелерінің 60%-дан астамы – әйелдер. Сайлаудағы партиялық тізімнің үштен бірін де біздің аруларымыз құрайды. Біз әрбір әйелдің еңбегі мен арманына құрметпен қараймыз. Әйелдердің саясатқа барынша белсенді араласу қажет. Сонда қоғам мейлінше әділетті бола түседі», - деді ол.

Ерлан Қошанов өңірлік әйелдер форумдарының қорытындысы бойынша көп ұсыныс түскенін атап өтті. Олардың барлығы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына енді.

Осы күні штаб мүшелері «Астана-Тазалық» еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қаланың санитарлық тазалығымен, аумақтарды абаттандырумен және тазалаумен айналысады.

Партиялықтар кәсіпорын қызметкерлерімен бірге сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан жұмысшылардың құқықтары мен денсаулығын қорғау шараларын талқылады.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар