Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жерді алғысы келіп отыр": Депутат Зайытов Қазақфильмге қатысты былықты айтты

14:18, 16 қыркүйек 2024 710

Айтыскер аын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қазақфильм мен әскердегі былыққа қатысты ашық пікір білдірді, - деп жазады Alash.KZ сайты Dalanews.kz сайтына сілтеп.

Депутаттың сөзінше, қазір мақсатты түрде Қазақфильмді құрту операциясы жүргізіліп жатыр.

«Шәкен Кенжетайұлы Айманов атындағы қара шаңырақ Қазақфильмді құрту процесі саналы түрде, әдейі жүріп жатыр. Бұл, қателеспесем, Ахметжан Есімовтің бе, Бауыржан Байбектің бе кезінде басталды.

Қазақфильмнің тұрған жерін білесіз, қаланың қақ ортасы. Бұлар сол жерді алғысы келіп отыр. Сауда үйін бе, бірдеңе салғысы келген сасық армандары бар. Бес гектарын алып алды. Енді қалғанын құртқалы отыр. Әйтпесе Қазақфильм дегеніңіз кезінде 2000-ға жуық штаты бар, қаншама материалдық базасы бар, бәленбай павильоны жұмыс істеп тұрған үлкен ұжым еді. Қазір 150-дей адам штатта қалды. Сегіз павильонның біреуі ғана істеп тұр ғой деймін. Сегізі істейтін болса, Қазақфильм өз күнін өзі көре алатын жер еді.

Қазақфильм мемлекеттен қаржыланбайды. Бұл Арыстанбек Мұхамедиұлы деген мырзаның жасап кеткен қастығы. Ол «Кино қоры» дегенді құрды да, бүкіл мемлекеттің ақшасын сонда аударады, Қазақфильмге жылына екі-ақ фильмге рұқсат етіледі. Ал анимациялық мультфильм түсіруге мүлдем рұқсат етілмейді. Сондай қаулы шығарып тастаған. Өткендегі аниматорлардың зар жылап жүргені - сол.

Азамат мырзаның жұмыстан кетуі, менің түсінгенім, ол бұл жұмыстың нәтижесіз болатынын түсінді де, «Қазақфильм менің тұсымда құрыды деген сөзге қалғым келмейді» деп шарасыздықтан кеткен сияқты. Бәлкім, қателесуім мүмкін. Тек өзімнің болжамым. ...Ұрпақтың алдында ұятты болмау үшін, аруақтың алдында кінәлі болмау үшін Қазақфильмді сақтап, бір арқасынан қағып жіберсек, ары кетсе үш жылда табыс табатын деңгейге жете алады», - деді депутат «Қасқа жолға» берген сұхбатында.

Ринат Зайытов кейінгі кезде әскерде болып жатқан былықтарға қатысты да пікір білдірді. Оның сөзінше, мәселені шешудің бір жолы – шенеуніктің баласын әскерге жіберу.

«Мемлекетке ең бірінші шекараны, іргені бүтіндеу керек. Оны қорғайтын – әскери адамдар. ...Бізге әскер керек. Қажет болатын болса, баяғы сияқты екі жыл қылсын. Әскерді түзеу үшін не істеу керек деген сұраққа бір-ақ жауап беретін едім. Әкімдер, депутаттар, министрлердің балаларына әскерге баруды міндеттеу керек. Бір облыс әкімінің баласы бір әскери бөлімде жүрсе, ол бөлімде «бардак» болмайды.

...Әскерге барып жатқан – ашынған дауысы естілмейтін ауылдың балалары. Жаңағылардың балалары барса, мынадай болмайтын еді», - деді Зайытов сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар