Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салафизмді бізге насихаттамаңдар!: Айгүл Елшібаева бірқатар орамалдағы әншілерге сұмдық ескерту жасады

12:00, 31 наурыз 2025 1674

Танымал әнші Айгүл Елшібаева ұлттық киімдерге қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Alash.kz Stan.kz  сайтына сілтеп.

“Хиджабтың үстінен тақия киіп, тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз – тақия, әйел – орамал, кемпір – кимешек киген. Сендердің хиджабтарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы "мынау кемпір ме, әлде қыз ба?" деп таңғалар. Я – кемпір бол, я – қыз бол. Салафит қатындар қазақтың қыздарының киімін қор қылып, салафизмді жастарға насихаттаудың кулық жолын жасамаңдаршы. Қулықтарың салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрініп қалады", — деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі дұрыс деп өнер иесін қолдаса, енді бірі ақыретте осы сөзі үшін жауапқа тартылатынын еске салып жатыр. 

“Сіз айтпағанда кім айтады?!”, “Өте орынды пікір”, “Тірі кездеріңде айтып қалыңдар!”, “Алланың бұйрығына қарсы шығып отыр”, “Сара Тоқтамысова мен Мөлдір Әуелбековалар тағып жүр. Алдымен эстраданы тазалау керек”, – деп жазды көпшілік. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар