Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құқылы: Әскерге күштеп алып бара жатқан қызметкерлердің видеосы халықтың ашуына тиді (ВИДЕО)

18:28, 12 қараша 2024 581

Көшеде әскерге күштеп алып кетіп бара жатқан қызметкерлердің видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, күзгі және көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде шақыру қағазын алған жастар жергілікті әскери басқару органдарына өз еркімен бармайды. 

Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларды тіркеуге олардың тіркелген мекенжайында болмауы, көшкен кезде жаңа мекенжай бойынша тіркелмеуі де ебеп болады.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шақыру қағазын жеке өзі тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде кейде азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық танытады. Мұндай жағдайларда полиция оларды мәжбүрлеп ұстап, жеткізуді жүзеге асыруға құқылы", – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар