Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 39 жастағы ана салмағы 5 келіден асатын 10-ыншы сәбиін дүниеге әкелді

16:20, 12 қараша 2024 482

Шымкенттік 39 жастағы әйел салмағы бес келіден асатын оныншы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Otyrar сайтына сілтеме жасап.

6 қараша күні Гүлбану Перімқұлова толғақпен қалалық перзентханаға түсті.

Оныншы баласын күтіп жүрген әйел оны табиғи жолмен босанды.

“Босану сәтті өтті, перзентхана қызметкерлері қажетті көмектің бәрін көрсетті. Көпбалалы ана атанған Гүлбану 19 жасында тұрмысқа шыққан. 20 жылдық отбасылық өмірінде он бала дүниеге әкелді. Ерлі-зайыптылар он ұл-қызды тәрбиелеп отыр: Жанель, Анель, Мэлс, Айсана, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере және Аяулым. Оның жұбайы Болат 43 жаста. Үлкен балалары қазірдің өзінде студент атанған”, – деп хабарлайды басылым.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар