Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды. Бұл туралы QAZSPORTTV хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова (72 келі) финалда қытайлық Юци Людан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.(4:1)
Отандасымыз 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол - мұндай жетістікке жеткен 3-ші қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.