Иранның оңтүстік-шығысында болған жол апатынан 14 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы оқиғаға 43 жолаушысы бар автобус себеп болған.
“Оқиға орнында құтқару қызметтері мен жол полициясы жұмыс істеп жатыр. Олар зардап шеккендерге көмек көрсетіп қана қоймай, апаттың себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізуде”, – делінген хабарламада.
Барлық зардап шеккендер, оның ішінде жағдайы ауыр бес адам, шұғыл түрде Керман қаласындағы Шахид Бахонар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.