Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"200 мың теңге бересіңдер немесе көлікті тәркілейміз”: беларусь блогерін Түркістан полицейлері тонап алған

15:49, 31 наурыз 2025 914

Түркістан облысында полицейлер беларусь блогерінен 200 мың теңге талап еткен. Олар бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп жазады Alash.KZ.

Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері Беларусьтен келген туристерді тоқтатып, олардан 200 мың теңге сұраған, деп жазды Ulysmedia.kz.

Туристердің айтуынша, полицейлер оларды Қазақстанның техникалық тексерісінен өтпегені және бейнебақылау камерасына түскені үшін айыптаған.

Туристер арасында танымал блогер Александр Гулько да болған. Оның айтуынша, олар ешқандай жол ережесін бұзбаған, бірақ тәртіп сақшылары бұған дәлел келтірмеген.

Полицейлер ақша берілген жағдайда, ендігәрі тоқтатпайтынын айтып, уәде еткен.

Қазақстанға бірінші рет барғанда бізге гаишниктер мұнда аямайтынын айтқан еді. Олар бізге “не 200 мың теңге бересіңдер немесе көлікті тәркілейміз” деді. Біз қарсыласқан жоқпыз. Төледік те, таңғалып, ары кете бердік. Кейін бізге Түркістаннан өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері хабарласты. Болған оқиға тексеріліп жатқанын, ақша берген полиция қызметкерлерінің көлік нөмірі қандай болғанын сұрады. Біз шынымызды айтсақ, есте сақтамаппыз, – дейді блогер.

Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты бейнематериалды әлеуметтік желілерден көргенін мәлімдеген. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сондай-ақ полиция бөлімінің басшылығына қатысты қызметтік тексеріс басталған. Министрлік ресми мәлімдемесінде әзірге туристерден ешқандай шағым түспегенін және көліктің тіркеу деректері анықталмағанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар