Жамбыл облысында 13 жастағы қыз бала алты жыл бойы зорлық көріп, сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Alash.kz.
Сенатта жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесіне арналған дөңгелек үстелде балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Динара Закиева кәмелетке толмағандарға жасалатын жыныстық зорлық-зомбылықтың ауыр жағдайларына тоқталды.
Ол жылдар бойы туыстарының зорлығына ұшыраған қыз баланың сұмдық оқиғасын еске салды.
«Мен жыныстық қылмыс құрбаны болған қыздармен жиі кездесемін. Жақында Жамбыл облысында болдым. Сол жерде 13 жасында ана атанған, алты жыл бойы зорлық көрген қызды көрдім», – деді Закиева.
Жасөспірім аналар саны артып келеді
Қазіргі таңда Түркістан облысындағы әлеуметтік қолдау орталығында 13-15 жас аралығындағы 16 жасөспірім ана бар.
Олардың барлығы туыстары тарапынан жасалған зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.