Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өзіне қоқан-лоққы көрсетілгені үшін полицияға арызданған, деп хабарлайды Alash.kz.
Ішкі істер министрлігі қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі («Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруге байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері») бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Бұл қылмыс 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен (2024 жылы 11 миллион теңгеден астам) немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру/бас бостандығын шектеумен жазаланады.