Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда ер адам тамақтан шаш тауып алғанын айтқаны үшін әйелді аяусыз ұрып-соғып балағаттаған (ВИДЕО)

18:00, 01 сәуір 2025 965

Әйел адам хот-догтан  шаш тауып, оны сыпайы түрде ауыстырып беруді сұраған. Алайда қызметкерлер кешірім сұрап, тағамды алмастырудың орнына, оған агрессия көрсеткен, деп хабарлайды Alash.kz.

batys.07 паблигі таратқан ақпаратқа сәйкес, мекеме қызметкерлері тамақты ауыстырудан бас тартып, керісінше, клиентті мейрамханадан күштеп шығарып, оған балағат сөздер айтқан.

Оқиға бейнежазбаға түсіп, ол әлеуметтік желілерде жылдам тарады.

Жергілікті тұрғындар мен интернет қолданушылары бұл жағдайға наразылық білдіріп, қызмет көрсету саласында мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігін атап өтті.

“Қарапайым мейрамханаларда тағамды еш қиындықсыз ауыстырады, ал бұлар донері үшін адам өлтіруге дайын.”

“Әйелге қол көтерген адам – еркек емес.”

“Егер санитарлық талаптар бұзылса, Қазақстан заңнамасына сәйкес, бұл тамақтану орнын жабукерек және айыппұл салу қажет. Кишечный инфекцияның таралуын болдырмау үшін бұл өте маңызды.”

Қазіргі таңда донер сататын орынның иелері оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмедіжәне қызметкерлерінің тағдыры туралы ақпарат таратқан жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар