Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туға арабша жазу жазып қорлаған никабтағы қыздарға жаза тағайындалды

12:30, 01 сәуір 2025 263

Атырауда мемлекеттік туға арабша жазумен суретке түскен қыздарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырау қаласында екі бойжеткен мен кәмелетке толмаған қызға ұсақ бұзақылық бойынша сот үкімі шықты.

23 наурызда Атыраудағы мұз айдынында никаб киген қыздар өзгертілген мемлекеттік тумен суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге жүктеген.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, қазақстандықтардың наразылығына себеп болды.

Нәтижесінде, суретте төрт адам болғанына қарамастан, сот үш қызға қатысты шешім шығарды.

Сот оларды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды:

• Бір қыз 15 тәулікке қамалды.

• Екіншісіне 78 640 теңге айыппұлсалынды.

• Кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілдеріне 39 320 теңге айыппұл тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар