Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тайландта қазақстандықтар отырған кеме жарылып кетті

19:30, 01 сәуір 2025 471

Таиландта қазақстандық және ресейлік туристер мінген катерде жарылыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Таиландтың Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген серуендік катерде жарылыс болды.

БАҚ мәліметінше, кемеде 31 адам болған. Жарылыс кезінде 30 жолаушы суға түсіп үлгерген, бұл ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Алайда бортта қалған бір ресейлік азамат күйік жарақатын алған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаның болғанын растады.

“Кемеде төрт қазақстандық азамат болған. Олар зардап шеккен жоқ, демалыстарын Таиландта жалғастыруда. Алайда олардың екеуінің паспорттары өртеніп кеткен. Ертең консул оларға уақытша құжаттар рәсімдейді, сол арқылы олар Қазақстанға орала алады”, – деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар